Мектеп директоры » «Ақтайлақ би атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасы
Жарма ауданы білім бөлімінің
«Ақтайлақ би атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72345) 2-54-06
Есепші бөлімі:
+7(72345) 2-54-06
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
қыркүйек
2023

Мектеп директоры

Өмірбаян


          Канапьянов Ерзат Бияхметұлы, 1985 жылы 20 сәуірде Семей қаласында дүниеге келді. 2000 жылы Жарма ауданы Салқынтөбе ауылы Маяковский атындағы негізгі мектебін бітірді. Осы жылы Семей қаласындағы М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледждің “шетел тілі” факультетіне түсіп, 2004 жылы бітіріп, диплом алды.   

Еңбек жолын туып-өскен ауылдағы мектептен бастады. 2004-2007 жылдары Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік Университетінің шетел тілі бакалавры академиялық дәрежесі бойынша білім алды. Осы жылдар аралығында Жарма ауданының «Жас ұстаздар» кеңесінің төрағасы, «Жас Отан» жастар қанатының мүшесі болды.

2007 жылы Қарасу орта мектебіне мектеп директоры болып жұмысын ауыстырды. 2009-2011 жылдары Семей қаласындағы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің филология магистрі академиялық дәрежесі бойынша оқуын тамамдады. 2013 жылдың қарашасынан бастап Ақтайлақ би атындағы орта мектебінің директоры қызметіне ауысты. 2018 жылы пән мұғалімі ретінде педагог-зерттеуші категориясына ие болды. VII шақырылымда Жарма аудандық мәслихатының депутаты болды. Ерзат Бияхметұлының 3 ғылыми және 50-ден астам мақалалары аудан, облыс, республика және халықаралық баспасөз беттерінде жарық көрді. Енді жаңа бағдарламаға сай, жаңашыл, жан-жақты білімді, заманауи мектеп бағдарламасына сәйкес жоспарланған оқу жоспарын құрып, балаларды терең білім саласына қамти отырып, білім беруге ат салысып жүр. Көпбалалы отбасы, 2 ұл мен 2 қыздың әкесі.  Жолдасы Канапьянова Асель Тураровна Ақтайлақ би атындағы орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив